28
февраль
2020
"Мектеп асханасы " республикалық іс-шарасы аясында мектепте ата-аналар үшін Ашық есік күні
2020 жылдың 27қаңтар -27 ақпан аралығында"Мектеп асханасы " республикалық іс-шарасы аясында мектепте ата-аналар үшін Ашық есік күні өткізілді.Мектептегі оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізетін комиссия мүшелері мектеп әкімшілігі,ата- аналар ұйымдастыруымен асхана жұмысымен танысып ,бракераж комиссияның құжаттарының жүргізуіне назар аударды.Ас мәзірінің талапқа сай болуын, тағамдардың сапасын,тамақтану кестесін, қол жуатын құралдардың болуын асхананың талапқа сәйкестігін қарады.Асхананың санитарлық жағдайы,аспазшының сырт киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай.Асханада ыдыстар жеткілікті ,барлығы таза бөлмеде қойылып , ыдыстардың беттері жабылған.Көкөніске, дайын өнімдерге , шикізаттарға арналған шкафтар жасалынып, сонда нормаға сай сақталынған.Шағымдар мен ұсыныс кітапшалары бар.Оқушылардың қол жуатын арнайы орыны бар және жабдықталған