"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"
"Алғыс айту –парызым!" Алғыс айту – адамның ізгі ниеті мен ризашылығын білдіретін тамаша қасиет. Бұл – тек қарапайым сөз емес, жүректен шыққан шынайы ризашылықтың көрінісі. Адам баласы бір-біріне жақсылық жасағанда, оған алғыс білдіру – адамның мәдениеттілігі мен адами құндылықтарын айқындайтын негізгі қасиеттердің бірі. 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Алғыс айту-парызым» тақырыбында кеш өтті. Кешті мектеп директоры Меңілбеков Бахтияр Смәділұлы өз құттықтау сөзімен ашып берді.