Наурызнама "Қайырымдылық күні"
2025 жылдың 15 наурыз күні «Наурызнама» іс-шара жоспары аясында №6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қайырымдылық жылы жүректен» марафоны ұйымдастырылып өткізілді. «Қайырымдылық жылы жүректен» марафоны аясында ауыл тұрғыны Айтбаева Оразкүл апаны және мүмкіндігі шектеулі 3 сынып оқушысы Жасұлан Ерасылды мектебіміздің парламент мүшелері және әлеуметтік педагог А.Салыкбаева және мектеп тәлімгері Д.Кожайбаева Наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлықтар берді.