«Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ»
2021-2022 оқу жылында мектебінде жылдық жоспарда белгіленген іс шаралар бойынша оқушылармен құқықтық тәрбие жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, оқушылардың 100% сабаққа қатысуы қадағаланды.
Мектеп инспекторы Б.Дауренбеков және «Жас полиция көмекшілері» құрылған жоспар бойынша әр сайын оқушылар арасында лекция жүргізіп, кездесулер өткізді. 9-11 сынып оқушылары арасында зорлық зомбылықтың тақырыбында Кибербуллинг, буллинг, бопсалау, тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында жұмыстары жүргізілді.
«Жас полиция көмекшілері» ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» т.б. тақырыбындағы суреттер көрмесі өткізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында барлық сыныптарда «Тәртіп сақшылары» және мектеп әкімшлігі қатысуымен ата-аналар жиналыстары өткізілді. Ол жиналыстарда әрбір адамның ар намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құрылуы туралы, сонымен қатар балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту принциптерінің басымдығына сүйеніп, құқықтық білімін жетілдіру, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана сезімді қалыптастыру, бірінші бағытта болуы керек екендігі туралы айтып өтті. Діни экстремизмді, бала құқығын сақтау күн тәртібіне қойылды. Сабақ кезінде базарда, бензоколонкада, кафелерде, интернет кафеде және көрші мектептерде оқушылардың бармауы қатаң бақылауға алынды.