«Арманға жету үлкен мақсат болатыны ақиқат» тақырыбында мектеп психологы Ж.Сейтқазиева 9 сынып оқушыларына тренинг өткізді.
2023 жылдың 12 желтоқсан күні ББЖМ-2023 нәтижелерін ақпараттандыру жоспары бойынша «Арманға жету үлкен мақсат болатыны ақиқат» тақырыбында мектеп психологы Ж.Сейтқазиева 9 сынып оқушыларына тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: болашағын өз ортасымен, елімен байланыста армандау- жарқын болашаққа қадам болатындығы ақиқатын ашу. М.Шахановтың мына дәйек сөзінен бастады «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға». Әңгімелесі кезеңі, сұрақтарға-жауап кезеңі, «Лақтырда қағып ал» жаттығуы, «Допты өткіз» жаттығулары өткізілді. Қорытынды кезеңінде оқушылар өз ойларын ортаға салды. Арманға жету үшін мақсат қою керек. Мақсаттың орындалуы үшін өмірге маңызы бар әрекеттер жасау керек. Ал мақсатты әрекеттер – жарқын болашақтың кепілі екені ақиқат деп аяқтады.