Құқықтық кеңес отырысының хаттама » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықтық кеңес отырысының хаттама
27
сентябрь
2024

Құқықтық кеңес отырысының хаттама

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің  №6 жалпы орта білім   беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құқықтық кеңес отырысының хаттамасы

Хаттама №1

Өткізілген күні: 2024 жыл, 27 қыркүйек

Қатысқандар: 7

Күн тәртібі:

Тыңдалды:

  1.Қаралған мәселенің атауы

1. Мектепте құқықтық кеңесін құру және жұмыс жоспарын бекіту.

2. Мобильдік топтардың жұмысы бойынша мектептердің төлқұжатын жинақтау.

3. Мектеп оқушылары арасында зорлық зомбылық, бопсалау, суицидтің алдын алу бойынша жасырын сауалнама қорытындысы.

4. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп» акциясының жұмыстарына талдау.

5. Аудан бойынша есепте тұрған оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.

6. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қараусыз, панасыз қалудың ескерту мақсатында рейдтік іс шараларға талдау.


1. Күн тәртібіндегі кезекті   мәселе бойынша  сөзді алған  Құқықтық кеңес мүшелерін жаңа 2024-2025 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Құқықтық кеңес төрағасы

               1. Б.С.Менилбеков, мектеп директоры.

 Мүшелеріне:

               2. Кеңес хатшысы-Д. Қожайбаева  .

               3. ДҚТЖО -Ж.Сейтқазиева.

                4. Мектеп инспектор- Б.Дауренбеков.

               5. ДТІЖО- Ұ.Миравилдаева.

               6.  Әлеуметтік педагог -З.Шалабаева.

               7. Ата -ана қоғамдық кеңесінің мүшесі-З.Балкибекова.


2. Мәселе бойынша ДҚТЖО Ж. Сейтқазиева сөз кезегінде жұмыстармен таныстырып өтті. Мектепте 55 мұғалім жұмыс істейді, 1-11 сыныпта  барлығы 416 оқушы оқиды, екі ауысымда білім алады, 23 сынып комплектісі бар, Асхана бар,1-4 сыныптар тегін ыстық тамақпен қамтылған, спорт зал , кітапхана , АКТ залы бар. 53 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр,   оның ішінде 4 камера интеграцияланған.

3. Мектеп психологы Ж.Сейтқазиева  мектеп оқушылары арасында зорлық зомбылық, бопсалау, суицидтің алдын алу бойынша 5-11 сынып аралығынан жасырын сауалнама алынып, қорытындысында оқушылар анықталмағанын айтып өтті.

4.  Сынып жетекшілер «Кауіпсіз мектеп» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. «Қауіпсіз мектеп» акция барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

5. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз   кезегін  алған  мектепішілік құқықтық кеңесінің мүшесі  «Биылғы оқу жылында біздің мектепте мектепішілік есепте,үш оқушы  және жайыз отбасы ретінде есепте бір отбасы тіркелгендігі айтылды. Жайсыз отбасының үш баласы  және мектепішілік есептегі үш  оқушылардың барлығы үйірмелермен қамтылғандығын айтып өтті.

6.  ДҚТЖО Ж күн Сейтқазиева індегі алтыншы мәселе бойынша  сөз кезегінде кәмелетке толмаған мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында қаңғыбастық пен қараусыздықты анықтау мақсатында педагогикалық ұжыммен  жүргізілген рейдтік іс-шаралары бойынша құқықтық кеңес мүшелеріне ақпарат берді.Ол жаңа 2024-2025 оқу жылында қыркүйек айының басында мектеп директорының рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру туралы бұйрығы шығарылып, аптаның әр жұмасы күндері «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. «Рейдтік іс-шаралары мектеп мұғалімдері , құқық қорғау органы қызметкерлерімен және жергілікті әкімдік қызметкерлерімен, Құқықтық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып жүргізілуде.Рейд жұмыстары кезінде осы уақытқа дейін түнгі уақытта тәуліктің беймезгіл уақыттарында көше кезбелігіне түсіп, қаңғыбастықпен ұсталған оқушылар анықталған жоқ.» деп сөзін қорытындылады.


3.Қаулы етті:

    Шешімі: 

1. Мектепте құқықтық кеңесін құру және жұмыс жоспарын бекітілсін.

2. Мобильдік топтардың жұмысы бойынша мектептердің төлқұжаты жинақталсын.

3. Мектеп оқушылары арасында зорлық зомбылық, бопсалау, суицидтің алдын алу бойынша жасырын сауалнамалар тоқсан сайын жүргізілсін

4. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп» акциясының жұмыстарыны әрі қарай жандандырылсын.

5. Аудан бойынша есепте тұрған оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырылсын.

6. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қараусыз, панасыз қалудың ескерту мақсатында рейдтік іс шаралар үздіксіз жүргізілсін.



  Құқықтық кеңес  төрайымы:                       Б.С.Менилбеков


                                                Хатшы:                        Д.Қожайбаева