10
октябрь
2024
" Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында он күндік іс шараның аясында " Дәмдінің бәрі пайдалы ма? тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
№ 6 жалпы орта білім беретін мектебінде 3 ә сыныбында " Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында он күндік іс шараның аясында " Дәмдінің бәрі пайдалы ма? тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Сейтқазиева Айнамкөз. Барлық оқушылар: Дұрыс тамақтану қажеттілігін біледі. Кейбір оқушылар: Дәмді әрі пайдал тағамдарды зиянды тағамдардан ажыратады. кейбір оқушылар: тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар " Кім жылдам" ойыны ойнатылды, оқушыларға тағамдардың суреті таратылып берілді. Дәмді де пайдалы тақтаның оң жағына, дәмді де зиянды тақтаның сол жағына тұрады. Балалар өз деңгейінде орындап шықты. оқушылар топпен " Постер құрастыру" топпен жұмыс жасады. Және де жеке жұмыста жасалды, "сәйкестендіру". Сабақтың соңында рефлексия " Менің себетім" оқушылар өздерінің алмасы салынған себеттерді бояу керек. Оқушылар түрлі түсті қарындаштармен жасыл, сары, қызыл түске бояды. Соңында кері байланыс бояған себеттерін маған сабақ ұнады тақтаға жабыстырды.
