17
апрель
2024
Мектепте мұғалімдермен «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда өтетін аралық аттестаттаудың талаптары мен өткізу тәртібі»тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
2024 жылдың 16 сәуір күні мектепте мұғалімдермен «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда өтетін аралық аттестаттаудың талаптары мен өткізу тәртібі»тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау. Міндеті: білім алушылардың білім берудің материалдарын игеру дайындығын бағалау,функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.Емтиханды өткізу талаптары:
1. Емтихан қазақ тілінде өтеді;
2. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады).
3. Педагогтердің емтихандағы кезекшілік кестесі білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады;
4. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, емтихан материалдарын педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді;
Емтихан тапсырмаларының мазмұны:
Қазақ сыныптары үшін «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша:
- оқылым
- жазылым
- әдеби тіл нормаларын сақтау
«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша рубрика
. Емтихан өткізуді ұйымдастыру мәселелері
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін бақылауға берілген мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 4.
Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай беріледі
Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазады
Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 90 минутты құрайды (жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды, оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген).
Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы


1. Емтихан қазақ тілінде өтеді;
2. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады).
3. Педагогтердің емтихандағы кезекшілік кестесі білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады;
4. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, емтихан материалдарын педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді;
Емтихан тапсырмаларының мазмұны:
Қазақ сыныптары үшін «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша:
- оқылым
- жазылым
- әдеби тіл нормаларын сақтау
«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша рубрика
. Емтихан өткізуді ұйымдастыру мәселелері
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін бақылауға берілген мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 4.
р/с | Сыныбы | Сөз саны (Қазақ тілі) | Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті) |
1 | 5 | 100-110 | 80-90 |
2 | 6 | 110-120 | 90-100 |
3 | 7 | 120-130 | 100-110 |
4 | 8 | 130-140 | 110-120 |
5 | 10 (ҚГБ, ЖМБ) | 140-150 | 120-130 |
Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазады
Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 90 минутты құрайды (жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды, оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген).
Дағдылар | Тапсырмалар |
Оқылым (1 балл) | 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады. 2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады |
Жазылым (3 балл) | «Табиғатқа саяхат туған жерді танудан басталсын» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым дағдысы бойынша саяхат туралы берілген мәтіндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады |
Әдеби тіл нормалары (1 балл) | зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады. Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсетеді |
р/с | Сөйлесім әрекеті | Балл қою нормативі, ең жоғары балл | 5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы | 30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы |
1 | Оқылым | 1-тапсырма - 0,5 балл; 2-тапсырма - 0,5 балл | 1 | 6 |
2 | Жазылым | - құрылымын сақтауы – 0,5 балл; - мазмұны - 2 балл; - лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл | 3 | 18 |
3 | Әдеби тіл нормалары | 1 балл | 1 | 6 |
5 | 30 |


