29
сентябрь
2023
Құқық бұзушылықтардың алдын алу
29 қыркүйек күні ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЯЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕРКІ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ 23.09.2023 жылғы № 5433 хаты негізінде 8-11 сынып білім алушыларымен Меркі АПБ-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Аманкулов Даурен Мухамедкеримов,жасөспірімдермен жұмыс жүргізу инспекторы Дәуренбеков Бектас және мектеп психологтары Т.Жанұзақова, Ж.Сейтқазиеваның қатысуымен синтетикалық есірткілер және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуде заманауыи синтетикалық есірткілерді қолданудың проблемалары мен салдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Синтетикалық есірткі-бұл жасанды түрде алынған психоактивті заттар, күшті тәуелділікті тудырады, физикалық және психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер ететіні туралы айтылды. Видео ролик көрсетіліп , талқылау жүргізілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, үй шаруасына көмектесу, сабақ оқуға көбірек уақыт бөлу, спортпен айналысу т.б. ұсыныстар берілді.
