Жаяу жүргінші
«№6 жалпы білім беретін мектебі»КММ
2017-2018 оқу жылының қаңтар айындағы «Жаяу жүргінші» тақырыбындағы өтілген профилактикалық іс-шаралардың АНЫҚТАМАСЫ
Қаңтар айында мектебімізде «Жаяу жүргінші» тақырыбындағы профилактикалық іс-шаралардың жоспары жасалып, бұйрықпен бекітілді. Жоспарға сәйкес мектебіміздің әскери жетекшісі Б.Байтаев «Жол қозғалысының жас инспекторлары» жұмысын жандандырды. Оқушылармен жолда жүру ережелерінің алдын алу жұмыстарын жүргізді.
11-қаңтар күні 9 сыныптар арасында «Жаяу жүргінші» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 9 сынып оқушыларымен жол апаттарының алдын алу туралы, ережені бұзбай сақ болуға шақырды.
12 қаңтар күні «Қызыл, жасыл, сары» тақырыбында суреттер байқауы болды. Бұл байқауға 3 сыныптар қатысып, жол ережелерінің, бағдаршамның суреттерін салды. Нәтижесінде: І орын-3 «А», ІІ орын- 3 «Ә», ІІІ орынды-3 «Б» сыныптары иеленді.
15 қаңтар күні 7 сыныптар арасында «Жол оқиғаларының қауіпсіздігі» атты тақырыбында мектеп инспекторы- М.Абишевпен кездесу өтті. 7 «А» сынып жетекшісі А.Есдаулетова «Жол ережесін білейік, Аман-есен жүрейік» тақырыбында баяндама оқыды. Жол-көлік жарақатының болу себептері туралы мағлұмат берді. Мектеп инспекторы М.Абишев оқушыларға «Жол оқиғаларының қауіпсіздігі» туралы айтты. Сонымен қатар мектеп оқушылары оздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Ж.Балабеков оқушыларға жолдан өткенде абай болып жүру керектігін қатаң айтты. Жолда көптеген жағдайлар болып жатқанын ескертті. Жол апаты, абайсызда болған оқиғалар кезінде «Алғашқы медициналық жәрдем көрсету» туралы білім берді.
16 қаңтар күні 5 сыныптарға «Жол тәртібін білесің бе?» тақырыбына викторина болды. 5 сынып оқушылары өздерінің білімдерін көрсетіп, белсене қатысты.
17 қаңтар күні 4 сыныптар арасында «Қауіпсіз дөңгелек» тақырыбында ойын сабақ өтті.
18 қаңтар күні 4 және 6 сыныптар арасында «Көңілді бағдаршам», «Жаяу жүргінші» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті. Оқушылар тәрбие сағатында «Бағдаршам» туралы білімдерін ортаға салды. Жол өткелдерінен өткенде абай болып, жан-жаққа қарап сақтықпен жүруді, көлік келе жатқанда солға, оңға карау керектігі туралы айтылды. Оқушылар тәрбие сағаттарында «Бағдаршам», «Көгілдір вагон», «Жүргізуші» әндерін орындап, тақпақтақтар айтты.
Мектеп директоры: Б.Меңілбеков.