Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын.
23
январь
2023

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын.
2023 жылдың 23 қаңтар күні мектепте ҰБТ байланысты ата-аналармен жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Б.Меңілбеков сөз алып, биылғы жылы өткізілетін ҰБТ-ға дайындық қызу жүргізілу үстінде. Осы әзірлік барысында өткен жылдар тәжірибесі сарапталынып, кемшіліктерді жою жолдары қарастырылып, оқушы мен мұғалім арасында қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 21 мектеп бітірушілердің 19-ы ҰБТ тапсыруға тілек білдіруде. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің  90 пайызы деп тоқталып өтті . Жиналыс барысы  ДОТІЖО  Г.Тескенбаева «Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны» деп ҰБТ-2023 жыл ережелерімен таныстырып шықты.ҰБТ "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізіледі.Түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін     және уақытын   өз бетінше таңдай алады.Бір  дұрыс   жауабы  бар  тест   тапсырмалары қолданылады.Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады. Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі.Техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында беріледі.   Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.                                                                                                                                   * Талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан  тарихы» пәнінің бір нұсқасында  20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған  тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
2)   * «Оқу сауаттылығы» бағытында 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) беріледі.
3) * Сонымен қатар, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап  нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) жауап нұсқаларының саны  8-ден 6-ға дейін азайтылды.                  
              ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді, яғни төменде көрсетілген 3 білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер «Математика+Информатика» пәндері комбинациясы бойынша тест тапсырады:
- В011 - Информатика мұғалімдерін даярлау;
- В057 - Ақпараттық технологиялар
- В058 - Ақпараттық қауіпсіздік