Құқық бұзушылықтардың алдын алу » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Құқық бұзушылықтардың алдын алу
29
сентябрь
2023

Құқық бұзушылықтардың алдын алу

29 қыркүйек күні ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЯЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕРКІ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ 23.09.2023 жылғы № 5433 хаты негізінде 8-11 сынып білім алушыларымен Меркі АПБ-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Аманкулов Даурен Мухамедкеримов,жасөспірімдермен жұмыс жүргізу инспекторы Дәуренбеков Бектас және мектеп психологтары Т.Жанұзақова, Ж.Сейтқазиеваның қатысуымен синтетикалық есірткілер және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуде заманауыи синтетикалық есірткілерді қолданудың проблемалары мен салдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Синтетикалық есірткі-бұл жасанды түрде алынған психоактивті заттар, күшті тәуелділікті тудырады, физикалық және психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер ететіні туралы айтылды. Видео ролик көрсетіліп , талқылау жүргізілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, домшаруасына көмектесу, сабақ оқуға көбірек уақыт бөлу, спортпен айналысу т.б. ұсыныстар берілді.