15
ноябрь
2022
ЕНТ бойынша түсіндіру жұмыстары
2022 жылдың 15 қараша күні 11сынып түлектерімен мектеп әкімшілігі бірлескен жиналыс өткізді. Жиналыста ЕНТ- білім сапасының басты көрсеткіші және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі екені айтылып, мәлімет берілді. Мектеп директоры Б.Менилбеков оқушыларға ЕНТ-ң мақсаты – мектепті бітіруші түлектердің негізгі бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергенін анықтау екенін айтып, бағдарламаның негізгі құжат екеніне тоқталды. Оны толық меңгеру – оқушының, меңгерту – мұғалімнің ең басты міндеті. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгі өмірге даярлайды, болашақта бір мамандық иесі болуына жағдай жасайды. ЕНТ жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріп келеді. Әр жылғы жаңалық тест жүйесі мектепте оқушының нені қай деңгейде меңгергенін анықтап береді деп мәлімет берді. Сондықтан мектеп түлектеріне дайындық жұмыстарын сапалы түрде жүргізу керек екенін ескертіп, сәттілік тіледі. ДОТІЖО Г.Тескенбаева ЕНТ дайындалу барысында мына жағдайларды еске сақтау керек екенін талап етті.