Ата-ана отбасының негізгі діңгегі. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-ана отбасының негізгі діңгегі.
23
январь
2023

Ата-ана отбасының негізгі діңгегі.

Ата-ана отбасының  негізгі діңгегі.
 2023 жылдың 23қаңтар күні 11 сынып түлектерінің ата-аналарымен бірлескен түрде жиналыс өткізілді. Жиналыс тақырыбы «Ата-ана, ұстаз –тиімді қарым-қатынас».Жиналысқа  19 ата-ана және сынып жетекшісі, мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және пән мұғалімдері қатысты. Мектеп директоры сөз алып, бала тәрбиесіне тоқталып өтті. Бала –біздің болашағымыз. баланың рухани дүниесінің таза да жан-жақты болуы үшін мектеп мұғалімдерінің ғана емес, жанұяның белсенді көмегі қажет. Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән берсе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Бала – ата-анасының өмірінің жалғасы. Сондықтан ата-ана баласының әдепті , білімді, өнерлі болып өсуіне күш салуы тиіс. баланың кемшілігін өзге адамнан көрмеуі керек. Ұлы Абай былай дейді: «Балаға мінез үш адамнан жұғады, біріншіден – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбы- достарынан» Жиналыста сынып жетекшісі Р.Сарсенбаева сынып оқушыларының білім сапасы туралы мәлімдеді. ДОТІЖО тапсырған сынақ тест нәтижесінің қорытындысымен  және «ҰБТ-2023» ережелерімен слайд арқылы  таныстырып өтті. Пән мұғалімдері  өз пәндері бойынша оқушылардың білім-білік қабілеттері туралы ата-аналарға хабардар етті.