17
март
2023
«Мектепке барар қауіпсіз жол!»,
№6 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылар мен ата-аналарға арналған «Мектепке барар қауіпсіз жол!», тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары тоқсан сайын жүргізіледі. Жол ережесін сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екенін үйрету мақсатында бастауыш сынып оқушыларының сынып дәлізінде жол ережесіне арналған бұрыш бар. 2023 жылы 13 -17 наурыз аралығында жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету, балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу мақсатында жоспарға сәйкес сынып сағаттары өткізілді.