22
май
2024
Білім алушылардың «Қазақ тілі»» пәнінен 10 сыныптарда аралық аттестаттау тапсыруы туралы мәлімет

2024 жылдың 22 мамыр күні мектепте 10 сынып білім алушыларына қазақ тілі пәнінен аралық аттестаттау сағат 14:00-де басталып өткізілді. Мектеп директоры Б.Менилбеков сөз сөйлеп, аралық аттестаттауды сәтті тапсыруларына тілек білдіріп, құжаттарын тапсырды. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.
Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
10 сыныптан -27 оқушы қатысты. Ережені сақтай отырып, аралық аттестаттау талаптары өз деңгейінде жүргізілді. 10 сыныпқа қазақ тілі пәнінен Серикова Зәуре сабақ береді.Бұйрықта көрсетілген кесте бойынша кезекші мұғалімдер өз міндеттерін толығымен орындады.
Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 180 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.