Білім алушылардың «Қазақ тілі»» пәнінен 7- 8 сыныптарда аралық аттестаттау тапсыруы туралы мәлімет » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім алушылардың «Қазақ тілі»» пәнінен 7- 8 сыныптарда аралық аттестаттау тапсыруы туралы мәлімет
23
май
2024

Білім алушылардың «Қазақ тілі»» пәнінен 7- 8 сыныптарда аралық аттестаттау тапсыруы туралы мәлімет


Білім алушылардың «Қазақ тілі»» пәнінен 7- 8 сыныптарда аралық аттестаттау тапсыруы туралы мәлімет

 2024 жылдың 23 мамыр күні мектепте 7-8 сынып білім алушыларына қазақ тілі пәнінен аралық аттестаттау 7 сынып білім алушылары үшін сағат 9:00-де, 8 сынып білім алушылары үшін сағат 14:00- де басталып өткізілді.   Мектеп директоры Б.Менилбеков сөз сөйлеп, аралық аттестаттауды сәтті тапсыруларына тілек білдіріп, құжаттарын тапсырды. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.
Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
7 сыныптан -43 оқушы, 8 сыныптан -46 оқушы қатысты. Ережені сақтай отырып, аралық аттестаттау талаптары өз деңгейінде жүргізілді. 7 сыныпқа қазақ тілі пәнінен Қалдыбаева Гүлжан, 8 сыныптарға  Серикова Зәуре  сабақ береді. Бұйрықта көрсетілген кесте бойынша кезекші мұғалімдер өз міндеттерін толығымен орындады. 
Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: эссе жазу. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 180 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.